АРЫС АПАТЫ: екі адам – жансақтау бөлімінде

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Оқиға Құқық

Atr.kz/5 шілде, 2019 жыл. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникацилар қызметінде Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен науқастардың хал-жағдайы туралы айтты.

Министрдің айтуынша, апат болған 24 маусымнан 5 шілдеге дейін 410 арыстық медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. «Жалпы жиыны 410 адамға медициналық көмек көрсетілді. 82-сі стационарға жатқызылды. Оның 12-сі – бала. Қазір 63 науқас емделіп, үйлеріне шықты. 19 адам әлі жатыр.

Соның ішінде 2 адамның жағдайы өте ауыр. Екеуінің де диагнозы – ауыр ми жарақаты. 7 жасар бала Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 балалар аурханасында. Тағы бір жас жігіт Түркістандағы облыстық балалар ауруханасында жатыр», – деді Елжан Біртанов. Айта кетсек, мұның алдында денсаулық сақтау министрі Арыста жаңа емхана мен аурухана салынатынын айтқан болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *