ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

 

Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған додада республика бойынша 750 спортшы бақ сынасты. Қарсыластарынан оза шыққан атыраулық Амантұр Табылдиев (73 келі), Айдана Еділбаева (41 келі), Айгүл Елубай (+68 келі), Әділбек Жолдасов (41 келі) алтыннан алқа тағынып, чемпион атанды.
Ақтық сында қарсыласқа жол берген Жасмин Дуатова (33 келі), Бегарыс Бегалиев (42 келі) күміс жүлдегер атанса, Алмас Меллатов (48 келі), Әлихан Сейітов (48 келі), Мөлдір Әлмұқашева (49 келі), Аягөз Нығметова (55 келі), Арайлым Оразақова (59 келі), Сағдат Жолдасбаев (51 келі), Жалғас Қаныбаев (51 келі), Ұлжан Маханова (49 келі), Бексұлтан Латиф (59 келі), Сұлтанахмет Панарбек (33 келі), Әйгерім Дидарова (33 келі) күміс жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Жарысқа спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар Руслан Аманғалиев пен Сәуле Сардарова қарсыластардың осал болмағандығын, соған қарамастан, атыраулық жас таэквондошылар үздік көрінгендігін айтады.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*