ЭКСПО кезінде университет жатақxаналары жалға беріледі

ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың айтуынша, алдымен Астанадағы жатақxаналардың жағдайына бағалау жұмыстары жүргізіледі. Соның негізінде көрме кезінде жалға берілетін жатаxқаналар анықталады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

photo_53895

“Қаладағы басты проблема – жататын орындардың тапшылығы. Қонақ үйлер жетіспейді. Сондықтан жоғары оқу орындары жазды күні өздерінің жатақxаналарын босатып беруге әзір. Өйткені бұл ұлттық жоба ғой. Сондықтан оған бәріміз атсалысуымыз қажет. Келем дейтін адамдардың барлығы жақсы пікірмен, жақсы көзқараспен қайтуы қажет. Ол үшін жатар орны мен онда атқарылатын қызмет жоғары деңгейде болуы шарт”, – деді Е.Сыдықов кеңестің бүгінгі отырысында.

Ректордың айтуынша, “Астана конвеншн” мен “Астана ЭКСПО” компаниялары жатақxаналарды тиісті талаптар бойынша таңдайды. “Біз сол талаптың тұрғысынан шығатын болсақ, жатақxананы қабылдап алады. Әрине, оның барлығы тегін болмайды. Әркім өз ақысын төлейді. Бірақ ол қымбат болмайды. Қонақ үйлермен салыстырғанда, өте арзан болады”, – деп атап көрсетті университет ректоры.

Қазақпарат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*