ЕКПЕ АЛУДЫ ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ!

 

Екпе жүргізу арқасында дүниежүзінде көптеген жұқпалы ауруларың алдын алуға  мүмкін болып отыр. Соның ішінде оба, шешек, полиомелит, дифтерия сияқты аурулар осы екпенің нәтижесінде құрықталды. Бірақ, бұл осы ауруларға қарсы екпе алуды түпкілікті жоспардан алып тастау деген сөз емес, керісінше, эпидемияның аяқасты пайда болуына жол бермеу үшін әлі күнге дейін дүниежүзілік екпе тізбесінде сақталуда. Осы орайда елімізде пневмококтық инфекцияға, жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы алдын ала екпе жүргізу қолға алынуда. Бұл екпелерді жүргізуге дүниежүзі бойынша ең сапалы деген вакциналар пайдаланылуда. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстанда бастау алған пневмококк инфекциясына қарсы егу жұмысы биыл біздің облысымызда да жүргізілуде. Вакцина қымбаттығына қарамастан, өзінің жоғары иммундық қасиетімен танылуда. Содан да  вакцинаны Үкіметіміз сатып алып отыр. ТМД елдерінде бұл вакцинаны бірде-бір ел қымбаттығынан сатып ала алмай отырғанына мән берген жөн.  

Пневмококтық жұқпаның ауа арқылы таралатыны себепті, бұл аурудан сәбилерді екпесіз қорғау мүмкін емес. Ағза жұқпалы ауруға төзімді болғанда ғана сәбиді бұл аурудан сақтауға болады. Бұл орайда ата-аналар арасында түрлі себептермен балаларының екпе алуларына қарсылық білдіріп отырғандары да жоқ емес. Олар Ұлттық екпе тізбесі жоспарын орындауға кедергі келтіріп отырғандары былай тұрсын, жұқпалы аурулардың бой көтеріп, эпидемияға айналып кетуін ескермеуі тіптен түсініксіз. Бұл еліміздің  ертеңгі болашағы – өсіп келе жатқан сәбилердің денсаулығына балта шабу  демеске болмайды.

Осы ретте айтарымыз, мерзімді тұмаудың таралуы да жас сәбиелерде оның асқынуына, оған пневмококтық жұқпаның қосылумен өміріне қатерлі жәйттер әкелуі мүмкін. Сондықтан, әрбір ата-ана қазіргі жүріп жатқан 1 жасқа дейінгі сәбилерге пневмококтық инфекциға қарсы екпе жүргізуден бас тартпағаны жөн. 

Күлшара ЖҰМАҒАЛИЕВА, 
№5 қалалық емхананың 
бас дәрігері,
Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*