ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ МАҢЫЗДЫ

 

Осы орайда, еліміздің индустрияландыру картасы аясында үстіміздегі жылы облыста бес жобаның іске қосылатындығын атап өткім келеді. Оптикалық кабель өндіру зауытын, химиялық реагент шығару зауытын іске қосу, сүт және қышқыл сүт өнімдерін шығаратын кешеннің қуаттылығын еселеп, құс фабрикаларын пайдалануға беру нәтижесінде 247 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ал, жалпы алғанда, аталмыш бағдарлама аясында өңірде 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.  Құны 1,6 триллион теңгені құрайтын жобалар аясында бес мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Еліміздің транспорттық әлеуетін арттыру мәселесінің де маңызы зор. Мұндай қадам халықаралық байланыстарды нығайтуға жол ашып қана қоймай, жергілікті  халықтың тұрмыс-тіршілігіне оң әсерін тигізері сөзсіз. Осы орайда, халықаралық және республикалық маңызға ие Ақтөбе – Атырау – Астрахан және Астана – Атырау – Ақтау жолдарының қайта жаңғыртылатындығынан хабардар еткім келеді. Бұдан бөлек, Атырау әуежайын мульти-модальды хаб базасы негізінде модернизациялау мәселесі қарастырылуда.

Әрине, бағдарлама тиімді жүзеге асырылуымен құнды. Осы жерде сала маманы ретінде мына мәселелерге назар аударғым келеді. Бүгінде біз шетелдік инвесторларға инфрақұрылым мәселелерін толығынан шешіп берумен ғана шектеліп жүрміз. Бірақ, күтілген нәтижеге қол жеткізуде инфрақұрылым мәселелерінің ғана шешілуі  жеткіліксіз. Сондықтан, біз инвесторлар үшін арнайы экономикалық аймақта кепілдіктермен қоса, жеңілдіктердің де қарастырылуын ұсынамыз. Бүгінде индустриялық аймақтардың құқықтық статусын анықтайтын нормативті құжат жасақталу үстінде. Бұл қадам инвесторлардың кеңінен тартылуына жол ашады деп сенеміз.

Хан ордалы Сарайшық кешенін халықаралық деңгейдегі туристік орталыққа және мәдени мұраға айналдыру туралы да ұсынысымыз бар. Бұл мақсатта бүгінде нақты іс-шаралар қолға алынуда.

Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВА,  облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*