ТҮНГІ АУА ТЫНЫСТЫ ТАРЫЛТАДЫ

Нұрлан САТАЕВ, Атырау қаласы тұрғыны:

– Облыс орталығындағы өндіріс ошақтарының түнгі мезгілде ауаға зиянды қалдықтарды тастайтындығы туралы бұрын да айтылып жүр. Ал, жақында мерзімдік баспасөзде тәуліктің осы мезгілінде фенол, аммиак, меркаптан, күкіртті сутегі секілді улы заттардың рұқсат етілген мөлшерден бірнеше есе көп екендігі жазылыпты. Расында да, әсіресе, жаздың онсыз да ыстық түндері тыныс тарылып, демалуға мүмкіндік болмайды ғой. Мұндай залалды тастандылар түнгі аспанды да қыздырып жатыр. Менің таң қалатыным – жергілікті экологтардың бірнеше жылдан бері кінәлілерді таба алмауы. Естуімше, түнгі мезгілде тексеру де жүргізген. Бірақ, бәрібір, айыптылар анықталмады. Атырау жылу-электр орталығы ма, әлде мұнай өңдеу зауыты ма,  әйтеуір, біреуіне нұсқайтын уақыт жетті. Соған сәйкес қатаң шаралар алынуы керек-ақ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз