Экология тақырыбы – журналистер қаламында

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне жұртшылықты кеңінен жұмылдыру жолында түрлі шараларды жүзеге асырып келеді. Бұдан тура төрт жыл бұрын экология тақырыбына аймақтық ақындар айтысын ұйымдастырса, «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігімен бірге журналистер арасында байқау өткізді.

экология

Жақында осы конкурстың қорытындысы шығарылды. Қазылар алқасының төрағасы, Қазақстанның Құрметті журналисі Төлеген Жаңабайұлы аталмыш сайысқа жергілікті тілшілер мен авторлардан отыз шақты шығарма түскендігін айтты. Солардың арасынан озықтарын анықтау да оңайға түспеген тәрізді. Әсіресе, бұл тақырыпқа кәнігі қаламгерлермен қатар, жастардың да батыл бара бастағаны қуантады. Шара барысында оларға қоршаған ортаға қатысты проблемаларды қалай қозғау жөнінде бағыт-бағдар сілтенді. Мерзімдік басылымдарда жарияланған өткір материалдар қоғамдық пікір туғызуда.

Соңынан жүзден жүйрік шыққандар марапатталды. Мәселен, «Атырау» газетінің бөлім меңгерушісі Меңдібай Сүмесінов жүлдегерлер сапынан табылса, тілшілер Амандық Абдол, Алтыншаш Құрмашева (суретте) және Абай Ақмұрзиев Құрмет грамотасына ие болды.

Меңдібай Елемесұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*