Экология – полиция бақылауында

ҚЫТАЙ. Бейжіңде экологиялық полиция бөлімшесі пайда болды. Оның қызметкерлері ауаның ластануымен күрес жүргізеді.

50e53d477b8af8034e0d79e6f47a2de1_xl

Жалпы, жергілікті билік биыл шаһардың экологиялық жағдайын жақсарту шараларын мықтап қолға алмақ. Осы ретте көктемде қаладағы жалғыз ғана көмір жылу электр стансасының қызметін тоқтату жоспарланып отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта 300 мыңға жуық ескі көліктің көзі жойылады.

Айта кеткен жөн, соңғы жылдары Қытай астанасындағы экологиялық жағдай күрт нашарлап кетті. Мамандардың айтуынша, оған шаһар төңірегіндегі жер үйде тұратын халықтың көмір жағуы мен көлік түтіні әсер етіп отыр. Осы ретте жергілікті билік ауаның ластануымен күрес жүргізу үшін биыл 2,5 млрд.  доллар бөлуге ниетті.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*