Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне әкелінді

Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда қаза тапқан Атырау облысы Құрманғазы ауданының жауынгері Кұспанғали Боранбаевтың сүйегі 77 жылдан кейін туған жерімен қауышты.

WhatsApp Image 2018-06-20 at 16.15.25

Атыраулық жауынгердің Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс даласында қалған сүйегін ел зиялыларының көмегімен елге әкелінді. Қаралы митингке облыс басшылығы, соғыс және еңбек ардагерлері, жастар мен оқушылар қатысты.

– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: “ерен еңбектері, үлгі тұтар істері, биік мінездерімен майданда ғана емес, бейбіт өмірде де бізге үлгі болып жүрген Ұлы Отан соғысының қатысушы ардагерлеріне құрмет көрсету парызымыз” деген болатын. Ата-бабасы ұстанған ұстанымына адал болып, майданға аттанып, сол жерде ерлікпен қаза болған жерлесіміздің еңбегі бүгінге дейін жетті. Алайда, туған топырағы бұйырмай келді. Бүгін Құспанғали Боранбаев үшін жеңіс күні туды, – дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-06-20 at 16.15.26 (2)

1942 жылы Новгород облысының Парфинский ауданы маңындағы шайқаста ерлікпен қаза тапқан Құспанғали Боранбаевтың денесін соғыс майданы өткен орман даласынан Ақтөбе қаласынан Қазақстандық Әлия Молдағұлова атындағы және Ярослав облысы Рыбинск қаласының «За Отвагу» іздеу топтары бірлесіп тапты.

Соғыс алаңынан бірнеше жауынгерлердің сүйектері табылған. Жауынгер сүйегінің табылуына есімі жазылған жауынгерлік капсуланың септігі тиген.

WhatsApp Image 2018-06-20 at 16.15.26

Қаза тапқан жауынгердің сүйегі табылған жерден аты-жөні ойылып жазылған ас ішетін қасығы да табылды. Осы жәдігердің арқасында жауынгердің есімі, туған жері анықталып, сүйекті еліне қайтару үшін Атырау облысы басшылығының қолдауымен арнайы делегация ұйымдастырылды.

Ел зиялыларының қатысуымен жауынгердің сүйегі бүгін Атырау қаласына әкелінді, ал ертең туған жері Құрманғазы ауданына жерленеді.

Хорлан Смадияр

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*