ЭКИНОКОККОЗ – ҚАТЕРЛІ АУРУ

 

Олар экинококкозбен зақымданған үй және жабайы жануарлардың етін жеу кезінде ауруды жұқтырады. Бұл құрттар ит пен қасқырдың ащы шегінде өсіп-өнеді де,  солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды. Аң терісін,  ит пен мысықты ұстағанда экинококктың құрты қолға жабысады. Қолды жумай тамақ ішкенде, ластанған өзендердің суын қайнатпай ішкенде құрт адамның асқазанына барып түседі.Содан соң қан тамырларына түсіп бауыр, өкпе, ми және басқа ағзаларға ұялайды. Бірте-бірте ұялаған жерінде экинококк құрты өсіп, өнеді.

Экинококкоздың клиникасы экинококкты сары сулы ісіктің орналасқан жеріне (бауыр, өкпе, көкбауыр және т.б.) және аурудың ағысына байланысты. Бауыр экинококкозында науқастардың жұмысқа қабілеті төмендейді, жалпы әлсіздік, бастың ауырғаны, бауырдың үлкеюі, оң жақ қабырғаның асты сыздап ауырады. Ал, өкпе экинококкозында тоқтаусыз жөтел, қан түкіру, кеуденің ауырғаны байқалады, өкпеде сырыл пайда  болады.

Көп жағдайларда экинококк ісіктері профилактикалық  медициналық  тексерістер кезінде немесе басқа шағымдармен қаралған кездерде анықталып жатады. Ауру жұққан кезден  бастап, оның алғашқы белгілері білінгенге дейін кем дегенде жарты жыл, ал кейде үш жылдан он жылға дейін уақыт өтуі мүмкін. Бүгінгі күні облыс  аумағында өткен жарты жылда экинококкоздың жеті жағдайы тіркелсе, оның бесеуі 14 жастағы балалар болып отыр. Сондықтан, бұл аурудан сақтанудың бірден-бір жолы, үйіңіздегі иттерді жыл сайын гельминттерге  тексертіп, алдын алу мақсатында дегельминтизация (жылына төрт реттен кем емес)  жүргізу қажет.

А.СӘРСЕНҒАЛИЕВА, облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің  жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау  бөлімінің бас маманы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*