ЕКІ ЖЫЛДАН БЕРІ ХАБАР ЖОҚ

 

 Дегенмен, ақиқаты қажет, қаланың Лесхоз ықшамауданында 25 жылдан бері тұратын біз учаскелік инспекторымызды көрмеппіз. Иә, айтпақшы, осыдан екі жыл бұрын «Мен сіздердің жаңа учаскелік инспекторларыңыз боламын» деп бір жас жігіт келіп кеткен. Оған тұрғындар болып проблемаларымызды айтқанбыз. Өйткені, оның саны тіптен көп еді. Мысалы, үй маңында мас адамдар жүреді, кірме дәлізге кіріп, темекі тартатындар бар. Айналадағы жағдайды бақылайтын бейнекамералар орнатылмаған. Осы мәселелерді шешу қолынан келмеді ме, әлде өзге жағдай себеп болды ма, кім білсін, содан кейін әлгі полицейден көз жазып қалдық. Телефонының нөмірін де, қайда отыратынын да білмейміз.

Осындай жағдайда «Учаскелік инспекторыңызды танисыз ба?» деген сауалға қалай жауап беруге болады? Оны көрмесек, білмесек, қалай танымақшы екенбіз?

Мәншүк БЕРМАҒАНБЕТОВА,

Лесхоз ықшамауданының тұрғыны.

Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*