Екі жыл ішінде шет елдердегі күмәнді оқу орындарынан 44 атыраулық студент қайтарылды

Жат ағымдардан жапа шеккендер үшін енді Атырау қаласында «Дағдарыс орталығы» ашылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Хайрулла Көшқалиев мәлімдеді.

1_525515b92b470525515b92b4b0

Оның айтуынша, қазіргі таңда Нұрсая ықшам ауданындағы №6 тұрғын үйдің цокольді қабаты бөлініп, жөндеу жұмыстарын жүргізу пысықталуда.

– Орталық теріс діни ағымдардан жапа шеккендерге тікелей және жан-жақты көмек көрсетеді, – деп атап өтті басқарма басшысы.

Идеологиялық жұмыстар «терроризм» бабымен сотталып, жазасын өтеп жатқандармен де жүргізілуде.

– Қазір түрмеде осындай баппен сотталған 47 адам отыр. Оңалту нәтижесінде салафиттік идеологияны ұстанып келген 28 тұлға дәстүрлі діни көзқарасқа оралды, – деген ол ендігі мәселе шет елдердегі күмәнді оқу орындарында жүрген атыраулықтарды қайтару екендігін айтты.

– 2015 жылы осындай орталықтардан 27, 2016 жылы 17 студент елге қайтарылды. Биыл екі атыраулық оралды. Балаларын қайтаруға тағы бір отбасы ниет білдіріп отыр. Оларға қаржылай көмек қарастырылуда. Бірақ, күмәнді орталықтарда әлі отызға жуық атырулық жүр, – деді бұл мәселе туралы Хайрулла Көшқалиев.

Айта кетелік, биылдың өзінде аталмыш департамент экстремистік, радикалдық сипаттағы 10 сайтты, әлеуметтік желілердегі 160-тан астам аккаунттарды анықтап, оларды жабу жөнінде арнайы орындарға ұсыныстар жолдаған.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*