ЕХРО көрмесінен кейін «Нұр Әлем» сферасының тағдыры қалай шешілетіні белгілі болды

Халықаралық National Geografic арнасының бағалауынша, әлемдегі теңдесі жоқ ғимараттар қатарын толықтырған «Нұр Әлем» ЕХРО көрмесінің музейі ретінде жұмыс істейтін болады. Бұл туралы отандық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін өткен баспасөз-конференциясында Астана ЕХРО-2017 ұлттық компаниясы төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов мәлімдеді.

_alem_1

– Сонымен бірге, ЕХРО қалашығында Астана халықаралық қаржы орталығы орналасады. Және де «жасыл» экономика тақырыбындағы зерттеулерге арналған халықаралық хаб орталық та ЕХРО қалашығында жұмыс істейді. Бастысы, көрменің әр шаршы метрі мақсатты пайдаланылады. Ол үшін арнайы даму тұжырымдамасы бекітілген. Біз ЕХРО қалашығын дотация есебінен емес, өз-өзін қаржылай қамтамасыз ететін орталыққа айналдыруды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Астана ЕХРО-2017 ұлттық компаниясы төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*