ЕХРО көрмесіне билеттер – «Baizaarда»!

25 наурыздан бастап халықаралық мамандандырылған ЕХРО көрмесіне билеттерді облыс орталығындағы «Baizaar» ойын-сауық кешенінен сатып алуға болады. Ресми билет кассалары наурыз айынан бері Қазақстанның басқа да қалаларында іске қосылды.

55338681

«Бұған дейін билет кассалары Астана мен Алматы қалаларында ашық жұмыс істеп келді. Сондай-ақ, билеттерді https://tickets.expo2017astana.com/ мекен-жайындағы ресми сайттан, «Меломан» дүкендер желісі мен «Қазпошта» бөлімдерінен сатып алуға болатын еді. Десе де, әр облыс орталығының адам көп шоғырланатын жерлерінен кассалардың ашылуы мүмкіндікті кеңейте түседі» дейді «Астана ЕХРО – 2017» ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Сергей Куянов.

Еске салайық, халықаралық мамандандырылған ЕХРО-2017 көрмесі үш айға созылады. Көрме кезінде үш мыңнан аса мәдени, ойын-сауық шаралары өтеді. Халықаралық маңызы зор шараға бес миллионнан аса адам қатысады деп күтілуде. Ең бастысы, ЕХРО көрмесі аясында Астанада жаңа идеялар мен технологиялар шоғырланады. Тұтас әлемнің «жасыл экономикаға» көшуіне мүмкіндік беретін ең соңғы, жаңа технологиялар  ұсынылатын болады.

Баян Атайманқызы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*