Ел ертеңі – білікті маманның қолында

e1516623507403 Жаңалықтар

Аtr.kz/31 мамыр, 2019 жыл. Елімізде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бағытында құрылған жаңа модель білікті мамандарды тең дәрежеде іріктейді. Мемлекеттік қызмет жастарға білімін көрсетуге, елге адал қызмет етуге, ел дамуына үлесін қосуға мүмкіндік береді. Ал, облыстағы жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығы қандай деңгейде?

Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Қадошұлы ЖҰМАҒҰЛОВПЕН тілдескен едік.

– Бүгінгі күні жастардың мемлекеттік қызметке орналасуы, қызметшілердің арасында білікті мамандардың мемлекеттің саясатын қалыптастырудағы үлесін айтсаңыз…

− Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мемлекеттік кәсіби аппарат құрумен байланыстырылды. Өйткені, Елбасы «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» деген болатын. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес аймақтың жергілікті мемлекеттік органдарындағы «Б» корпусы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің штат саны 1733 бірлік, ал, нақты саны 1591 бірлікті құрайды. Оның 400-ден астамы – жас мемлекеттік қызметшілер. Ал, биыл мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға тестілеудің оң нәтижесін алған азаматтардың тең жартысын жастар құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда, мемлекеттік қ ы з м е т к е о р н а л а с у ғ а үміткерлердің қызығушылығы артқаны байқалады. Біз де өз тарапымыздан жастар арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, жастарды мемлекеттік қызметке тарту бағытында «Ашық есік» күні шарасын өткізіп тұрамыз. Сол кезде жоғары оқу орнының студенттеріне мемлекеттік қызметтің қоғам өмірі үшін маңызы мен оның даму үдерісіне қосатын үлесін насихаттап, мемлекеттік қызметтің маңызды аспектілерін түсіндіріп айтамыз. Ал, біліктілікті арттыруда ҚР Президентінің жанындағы М е м л е к е т т і к б а с қ а р у академиясы зор үлес қосып отыр. Осы орайда Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында докторантура мен магистратураға үміткерлерге кәсіби бағдар беру мақсатында ақпараттық сессия мен «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Бұл Академияның магистратурасын бітірген түлектер бүгінде өңірімізде өз салалары бойынша нәтижелі қызмет атқарып, мемлекеттік қызметтің беделабыройын арттыруда өзіндік үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, олар өңірдегі мемлекеттік
қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында академия қабырғасында алған білімдері мен шетелде өткен тағылымдамаларымен бөлісіп жүр. Осы орайда, солардың қатарында жергілікті және мемлекеттік басқару магистрі Азамат Айманакумов пен Нұрболат Сарманов тұрақты түрде дәріс беретіні туралы айта кеткен жөн.

− Тестілеу барысында үміткердің жеке қасиеттерін бағалау жас мамандардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттырады деп сенесіз бе?

− Әрине. Қазір «Б» корпусының лауазымдарына орналасуға үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді жаңа өзгеріске орай, «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады. Бұл – мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдірген жастарға үлкен мүмкіндік. Ү м і т к е р л е р д і ң ж е к е қасиеттерін бағалау нәтижесі бойынша растық деңгейі 50%дан төмен болса, ол азамат тестілеуден өтпеді деп танылады. Аталған тестілеуде белгіленген мәннен төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлер бір айдан кейін ғана қайта тестілеуге қатыса алады.

− Жоғары оқу орнын бітірген маманның еңбек өтілінсіз мемлекеттік қызметке орналасуы да өзекті мәселенің бірі. Сондай-ақ, жас қызметшінің ұжымға тез үйреніп, жұмысын игеруі үшін тәжірибелі тәлімгер бекітіледі ме?

− Негізінде, біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметте жетекші, бас маман лауазымдарына үміткерлер жұмыс өтілінсіз қабылдана береді. Ең бастысы, жоғары білімі болуы шарт. Ал, жетекші маман лауазымына орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім болған жағдайда мемлекеттік қызметке қабылдана алады. Мемлекеттік қызметке алғаш кірген азаматтар үшін сынақ мерзімі тағайындалады. Сынақ мерзімі кезеңінде мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлер бекітіледі. Жалпы, тәлімгерлікке, нәтижелілікті арттырудың маңызды элементі және кәсіптілікті дамытуға мүмкіндік туғызатын әдіс ретінде көп көңіл бөлінеді. Бұл – бірлескен жұмыс барысында тәлімгер мен мемлекеттік орган ұжымының жас маманды жүйелі тәрбиелеу қызметі. Тәлімгер болып бекітілген мемлекеттік қызметшілердің соңғы жылда жоғары нәтиже көрсеткені, екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы, тәртіптік жазаға тартылмауы да аса маңызды талаптың біріне жатады. Ал, тәлімгерге қойылатын басты міндет – жас мемлекеттік қызметшінің бойында адамгершілік, жауапкершілік, бастамашылық, кәсіби шеберлік сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

− Өткен жылы ашылған «Мемлекеттік қызмет мектебіне» тоқталсаңыз…

– Былтырғы қараша айында Мемлекеттік қызмет мектебі ашылған болатын. Мектептің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметте жұмыс істеу, белсенді азаматтық позицияны және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін ең дарынды, белсенді жастарды тартудың алғышарттарын жасау. Бұл мектепке 32 студент өтініш білдіріп, іріктеуден сүрінбей өткен болатын. Алдымен, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында дәрістер өткізіліп,
қазіргі таңда облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктерде және оған қарасты бөлімдерде тәжірибеден өтуде. Тәжірибе аяқталған соң мектеп түлектеріне арнайы сертификаттар табысталады. Бұл жоба алдағы уақытта әрі қарай жалғасатын болады. Мемлекеттік қызмет мектебі жас көшбасшыларды оқыту, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өту арқылы мемлекеттік қызметтің іс жүзіндегі дағдыларын ү й р е н у г е м ү м к і н д і к беретініне сенімдімін.

Әңгімелескен: Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз