Төмендетілген тариф бүгін қолданысқа енгізіледі

20181108103936 Экономика

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдері «АтырауЭнергосату» ЖШС-нің электр энергиясын тұтыну тарифтеріне қатысты баспасөз турын өткізді.

 20181108103936

Серіктестік директорының орынбасары Тұрлан Дошатовтың айтуынша, биылғы қыркүйек айында облыстық департамент электр энергиясының бағасына сараптама жүргізіп, қолданыстағы және жобадағы қызмет тарифтерін шекті деңгейге дейін төмендету жөнінде қорытынды жасаған. Соның нәтижесінде, «АтырауЭнергосату» мекемесі  5 қазаннан бастап тұрғын халыққа берілетін 1 квт/сағ электр энергиясының  өткізілу бағасын 4,51 теңге көлемінде белгілеген. Сөйтіп, бұған дейін қолданылып келген тарифтен 80 тиынға төмендетілген. Осы тұста айта кетер бір жайт, Атырауда электр энергиясын сату қызметінің тарифтері 2015 жылдың 1 қаңтарынан бері өзгермеген.

Ал, биылғы 13 қарашада Мемлекет басшысының тапсырмасымен  прокуратура органдары жүргізген тексерулерге  сәйкес, департамент қоғамдық маңызды қызметтердің, соның ішінде электр энергиясын бөлшектеп сату бағасын қолданыстағы деңгейден 4,6 пайызға дейін төмендету жөнінде қорытындыға келген. Осылайша, 20 қарашадан, яғни, бүгіннен бастап, осы шекті тариф қолданысқа енгізіледі.

Мұндай шешім Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық ведомоство мен Бас прокуратураның тапсырмасын орындау мақсатында қабылданып отыр.  Төмендетілген тариф күшіне енбес бұрын қолданыстағы қызмет бағаларын сараптамадан өткізу, есеп-қисабын шығару шаралары тиянақталуы қажет.

 

Дәулетқали Аруев

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз