Облыс халқының «көгілдір отынмен» қамтылу деңгейі 93,3 пайызға жетеді

6w9demnN Саясат

Atr.kz/20-ақпан.  Бүгінде облыс елді мекендерінің 79,5 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылған.​

Қазір 365 шақырымдық магистралды және кентаралық газ құбырының құрылысы тартылып, 67,6 шақырым селоішілік газ құбыры жүргізілуде. Нысан құрылысы биылғы мамыр айына дейін аяқталып, тапсырылады.

EAC7635 1

​Сондай-ақ, Махамбет, Исатай және Қызылқоға аудандарының 13 шағын елді
мекеніне газ құбыры жүргізіледі. Жергілікті бюджет есебінен биыл 4 нысанның құрылысы жалғасады. Аталған жоспарлы жобалар іске асқан кезде, облыс халқының «көгілдір отынмен» қамтылу деңгейі 93,3 пайызға жетеді, – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

6w9demnN

Айбөпе САБЫРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз