Қазақстанда билет құны әлдеқайда арзан жаңа әуе компаниясы жұмысын бастайды

air tricks featured Жаңалықтар

Мамыр айында Қазақстанда Fly Arystan әуе компаниясы өз жұмысын бастайды.

Басты жаңалық сол – жаңа компанияның билет құны Air Astana лайнерлерінің бағасынан екі есеге арзан болады. Мәселен, түрлі бағытқа Air Astana билеттері шамамен 100 долларды құрайды. Бұл баға сатып алу мерзіміне байланысты өзгеріп отырады: бір апта тұрын алсаңыз – бір баға, үш күн бұрын алсаңыз – басқа баға дегендей. Fly Arystan билеттері Қазақстан бағыттары бойынша шамамен 40-45 доллар болады деп болжап отырмыз. Демек, Қазақстандағы Air Astana, BekAir, Scat компанияларынан анағұрлым төмен», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде өткен брифингте.

20190206124053
Фото – «Қаз Ақпарат»

Қазіргі таңда жаңа компанияның екі борты Қазақстанда дайын тұр. Жыл соңына дейін су жаңа төрт А320 ұшақтары алынады.

«Біздің міндетіміз – Қазақстан азаматтарына ұшақ билетін қолжетімді ету. Мұнда көрсетілетін қызмет те өзгешелеу болады. Әдеттегідей тегін 20 келі емес, 5 келі жүк орны беріледі. Одан артық жүк үшін қосымша ақы төлеуге тура келеді. Жаңа әуе желісіне бюджеттен немесе Самұрық-Қазынадан қосымша қаржы бөлінбейді. Бұл компания Air Astana қаражаты есебінен жұмыс істейді» деді министр Жеңіс  Қасымбек. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Кира

    Керемет!!!!