Еңбек өтілі көп мұғалімдер зейнетке ерте шыға ала ма?

Білім

Білім саласында ұзақ жыл істеген ұстаздар зейнетке ерте шығып жатса, министрлік оған тек қуанады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

bec076860a048c2325ac78c33c5c9036_resize_w_520_h_

“Бұрын мұндай жүйе болған. Бірақ мұнда тек мұғалімдер емес, дәрігерлер, өрт сөндірушілер, шекарашылар, тағы басқалар бар ғой. Біз министрлік ішінде бұл мәселені қарастыра алмаймыз. Ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің белсенді араласуымен Үкімет деңгейінде қаралатын дүние. Қаралған кезде де, мұғалімдер ғана емес, барлық категория назарға алынады. Егер осындай норма енгізілсе, біз тек қуанамыз”, — деді Сағадиев.

Хорлан СМАДИЯР

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *