ҮЕҰ: қаржыны қайдан табу керек?

«Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Күмісқалиевтың «Жобаға қаржы тарту көздері» атты тренингі өтті. «Үкіметтік емес ұйым мектебі» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

????????????????????????????????????

Жиын барысында ҮЕҰ өкілдеріне жоба жазудың, оны мемлекеттік гранттан бөлек шетелдік компаниялар мен жеке кәсіпкерлерден қаржыландырудың оңтайлы жолдары түсіндірілді. Ерлан Күмісқалиев сырттан қаржы тартылмаса, ішкі қаражат қорларының жеткіліксіздігін атап өтті. Ел экономикасына да қаржы тарту пайдалы бағыттың бірі болып есептелетіндіктен, қоғамдық ұйымдар өз жобасын іске асыруға және дамытуға инвестициялар көбірек қажет.

????????????????????????????????????

«Жасыратыны жоқ, ҮЕҰ көпшілігі қаржылық қиындыққа кезігіп жатады. Бұл проблема олардың мақсатқа жету жолдарына қолбайлау болады. Осыдан үш жыл бұрын Санкт-Петербургтен әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша білім алып, соны тәжірибе ретінде қолданып келемін. Алған білімім нәтижелі болғандықтан, бүгін алғаш рет сол тәжірибеммен бөлісіп отырмын. Әсіресе, қаржыландыру жайы кім-кімді толғандыратыны рас. Қаражатты қайдан табу керек? Мұның өзі білімді қажет етеді. Сондықтан, бұл мәселені шешудің жолын түсіндіруге тырыстым.

Шет елдерге, республиканың өзге де аймақтарына көп барып жүрмін.  Атыраулық азаматтық қоғам өкілдерінің ерекшелігін байқаймын. Жергілікті ҮЕҰ өкілдерінің көпшілігі шама-шарқынша алға қойған жоспарларын жүзеге асыруға тырысып, жұмыстарын ынта-жігермен атқарып жүр», – деді ол.

Мәлике МӘЛІК

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*