ДСҰ БІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?

 

Кюршад ЗОРЛУ,Орталық Азия бойынша сарапшы, саяси шолушы:

Дипломатиялық құнды жеңіс

Ұзақ келіссөздер барысында өз позицияларын ұстай алған Қазақстанның дипломатиялық жеңісін жоғары бағалаймын. Бауырлас Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі экспортқа бағытталған бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Түркия ДСҰ-ға 1995 жылы кірді, одан кейін ел экспорт көлемін арттырып, бәсекелестік деңгейі айтарлықтай өсті. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқын келе жатқан Астана күнімен құттықтағым келеді.

 

Ілияс ДЕМИРИДЖИ,Түркі әлемінің инженерлері мен сәулетшілері Одағының төрағасы:

Бизнеске жаңа мүмкіндік

Қазақстан осы уақытқа дейін елеулі табыстарға қол жеткізу арқылы Орта Азия аймағында жетекші рөлге ие болды. Ал, Қазақстанның Дүниежүзілік cауда ұйымына кіруі елдегі бизнесті дамудың жаңа сатысына көтереді.

 

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:

Әлемдік нарыққа жол ашады

Біздің экспортымыз – негізінен шикізат өнімдері. Мұнай өнімдері, түсті, қара металдар, одан қалса астығымыз. Қазақстан астығы сапасы жағынан да, өнім-ділігі жағынан да Канада мен Австралиядан асып түседі. Демек, ДСҰ-ға мүшелік біздің астығымыздың әлемдік нарыққа шығуына жол ашады.

Алайда, Канада, АҚШ және Австралия астығының тоннасы үшін экспортқа кететін көлік шығыны небәрі 17$ және 40$ көлемінде ғана болса, Қазақстанның климат жағдайына орай, ашық теңізге бірден шығатын жолының жоқтығынан Ресейдегі ең жақын портқа дейін кететін тасымал шығыны – тоннасына 136 АҚШ долларына тең. Сөйте тұра, ірі астық өндіруші мемлекеттер Қазақстанның экспорттық субсидия алуына қарсы болып келген. Бұл да – біздің алдымыздан шығар көп түйткілдің бірі. Алайда, соған қарамастан әлемдік сауданың 90 пайызы жүретін Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруден Қазақстан ұтады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*