ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІК – ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Меруерт Айтқажықызының айтуынша, соңғы он бес жылда қазақстандықтардың табысы жылдан-жылға өсіп келеді. Бұл орайда өмірдің ең маңызды салалары  білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін мемлекеттік субсидиялар жыл сайын ұлғаюда.

   – Бүгінгі  кездесудің Достық үйінен басталғанына өте қуаныштымын. Себебі достық пен бірлік – тұрақтылықтың белгісі. Ауыз-біршілік  бар жерде береке бар. Біз тұрақтылықты бағалай білге-німіздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Бұл жөнінде Елбасының биылғы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында  «Мәңгілік Ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. Елдегі экономиканың қарыштап дамуы, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы – саяси тұрақтылықтың, халықтар достығының арқасы.

«Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бір-бірімен сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ, – деген топ мүшесі М.Қазбекова  өміріміздегі, қоғамдағы оң нәтижелерге мысалдар келтірді.

Одан әрі облыстық мәслихат депутаты, Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының жетекшісі Юрий Кустадинчев Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен алдағы мақсаттар туралы баяндады.

– «Нұрлы Жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты.

– Жолдау Елбасы мен халықтың арасындағы рухани байланыстың және елдік мүдде арқауына айналды, – деді Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Еркін Қадырғалиев, – Маңызды құжат – ел келешегіне бастар меже, алар асу. Енді жеке бастың қамын емес, исі қазақтың, болашақ ұрпағымыздың тағдырын ел болып ойлауымыз керек. Жолдаудың басты идеясы да осы, – деп атап өтті.

Кездесу барысында «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Людмила Ли, «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің  2 курс студенті Мейірбек Мүрсәлім, «Вайнах» этномәдени бірлесті-гінің ардагері Сейтамин Акаевтар сөз алып, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен болашақ алар асулары төңірегінде жан-жақты әңгімеледі.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*