Домбыра-ғұмыр

– Мектеп кезінде жүлдеге ие болып бір қорап кәмпит алдым, бұл – менің ең алғашқы жетістігім, – деп риза көңілмен еске алады ол. Домбырашы 1982 жылы Орал қаласында өткен Кұрманғазы конкурсында лауреат атанып, қос ішекті домбырасымен Мәскеудің Астрахан, Орынбор облыстарын аралап өнер көрсеткен. 
Ұстазын мерейтойымен біраз шәкірттері де құттықтай келді. Әнші М.Дәулетов «Аңшының әні», республикалық конкурстардың лауреаты А.Ноғайбаева «Нартайдың термесі», Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері Ш.Мұқашева «Ақбұлақ» сынды күй мен әндерін орындады.
Қазақтың күй өнерін зерттеуші ғана емес, төл өнеріміздің тарихын айтып, жеткізуші де бола білген домбырашы Қадыржан Түсіпқалиевтің қазақ мәдениетіне қосқан үлесі зор. Ғұмырының отыз жылдан астам уақытын күйшілікке арнап келе жатқан домбырашы қазыналы қарттардан естіген өнегелі әңгімесін қағазға түсіріп, оқырман назарына ұсынып жүруі дәстүрлі күйдің дәріптелуіне игі септігін тигізері сөзсіз.

Асылай СЕРЖАН,
АтМУ студенті,
Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*