Доллар, қайда барасың?

Атырауда да АҚШ-тың доллары өтімді болып тұр. Ұлттық банктің Атырау филиалының мәліметіне қарағанда, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциясын облыстың 101 айырбастау бекеті жүзеге асыруда. Оның дені банктердің, қалғаны «Қазпошта» мен уәкілетті ұйымдардың еншісіне тиеді. Жыл басынан бері атыраулықтар айырбастау бекеттері арқылы 64,2 млн. АҚШ долларын сатып алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,3 пайызға жоғары.  Ресей рублін айырбастауда да өсім бар. Керісінше, саудаланған еуроның көлемі 33,8 пайызға кеміпті.

250f2a2f0cfe68fb3fbfaf590ad

Доллар бағамының өзгеруі сұранысты өсіргенге ұқсайды. Кеше Ұлттық банктің ресми сайтында доллардың нарықтық бағамы 375,62 теңгені құрады. Еуро ­– 437, Ресей рублі 5,45 теңге көлемінде. Дегенмен, ақша айырбастау бекеттерінде бір доллар түрлі бағаммен сатылуда. Kurs.kz мәліметінше, доллар 379,5 теңге аралығында саудаланса, ал, сату құны 381,5 теңгені құрады.

«Оның себебі – Ресейге қарсы санкциялар, доллардың басқа валюталарға қатысты бағамының нығаюы мен нарықтағы үрейлі болжамдар», – деген ой айтты Astana Best Consulting Group экономисі Арман Байғанов.

Ұлттық банктің Атырау филиалы мамандарының  пікірі осыған саяды. Дегенмен, қазіргі уақытта бағамның бекітілуі Ұлттық банктің қатысуынсыз жүріп жатыр. Елдің бас қаржы құрылымы валюта нарығындағы ахуалға үнемі мониторинг жүргізіп, қадағалауда екен. Қажет болған жағдайда теңге бағамының тұрақсыздығын туғызатын қысқа мерзімді ауытқуларды реттеуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға дайын көрінеді.

– Ресейге қатысты санкцияларды қатаңдату тәуекелінің күшеюі, мұнай бағасының төмендеуі аясында рубльдің құнсыздануының салдары болды. АҚШ заң жобасының жариялануы рубльдің әлсіреуіне әкелді. Бұл заң жобасы Ресейдің мемлекет борышын қаржыландыруға және аталған елдің бірқатар жетекші банктерінің мүлкі мен мәмілелеріне шектеу салуды көздейді, – дейді Ұлттық банктің Атырау филиалының бас маман-экономисі Айнұр Бақытханқызы.

Азамат Сансызбайұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*