Доллар арзандағанымен, азық-түліктің құны екі есеге қымбаттап кеткен

Доллар біраз арзандағанмен, азық-түліктің құны керісінше көтеріліп бара жатыр. Дүкенде тауар мен дәрі-дәрмектің бағасының шарықтап кеткені депутаттарға енді жеткендей. деп хабарлайды 31 арна.

pogudx6mr9ruilsmi.594e7f52

Үкімет пен Бас прокуратураның атына сауал жолдаған мәжілісмен Тұрғын Сыздықов 24 тауар түрінің екі есеге қымбаттағанын айтты.

 Парламент қабырғасында депутаттық сауал жолдаған Тұрғын Сыздықов халыққа ең қажетті қант, жұмыртқа, картоп сияқты азықтардың екі-үш есе өскенін айтты. Бағасы бір келі етпен бірдей болған қызанақ пен қиярдың да әзірге арзандайтын түрі жоқ.

Ал жолдың жабықтығын сылтауратып сатушылар еттің бір келісін екі мың теңгеге саудалап жатқаны да айтылды. Ал бағаны реттейміз деп жергілікті биліктің жасаған меморандумдарынан да түк пайда жоқ деген депутат қымбатшылықты жасап отырған делдалдардың көзін құрту жолдарын ұсынды.

“Жергілікті билікке әлеуметтік дүкендердегі, сауда бөлімдеріндегі, коммуналдық нарықтағы бағаны реттеуді, тауардың сапасы мен санын тексеруді міндеттеу керек. Отандық өнімдерді базардағы сауда орындарына тікелей жеткізу мәселесін қарастыру қажет”, – дейді Тұрғын Сыздықов .

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*