ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ – БАСТЫ ТАЛАП

Жиын барысында бас имам Батыржан Мансұров жиналғандарды қасиетті Мәуліт айымен құттықтады.

– Бұл мереке адамдар арасындағы рахым-мейірімнің, имандылықтың арта түсуіне сеп болмақ. Сондықтан, бүгінгі кездесу арнайы Мәуліт мейрамында ұйымдастырылып отыр, – деген ол биылғы жыл дін мен дәстүр сабақтастығының жылы аталып отырғанын да айтты. 

«Атырау өңіріне келгенімнен-ақ облыс  жұртшылығы қазақи дәстүрді берік ұстанған халық екенін аңғардым. Дін мен салт-дәстүр – қашан да сабақтас ұғым. Сондықтан, дін мұраттарын қалың бұқараға жеткізу үшін алдымен қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен әдебиетін жетік білу қажет. Имамдар мен уағызшыларға осындай талап қойылады», – деген Батыржан Берденұлы әр азаматтың ынтымақ-бірлігі мен имандылығын арттыруда БАҚ өкілдерімен бірлескен жұмыстың қажеттілігіне тоқталды.   

Соңғы кездері қазақ халқын дәстүрлі Ислам дінінен алыстатуға бағытталған теріс пікірлер де пайда болғаны рас. Кейбірі арам пиғылмен әдейі әрекет етсе, енді бірі білместікпен надандық жетегіне тартады. Сөйтіп, қоғамда әртүрлі негізсіз пікірлер пайда болып, жат ағымға еріп кетіп  жатқандар да бар. Мұндай әрекеттің алдын алу үшін дәстүрлі діни сауаттылықты арттырған жөн. Осы орайда облыс көлемінде төрт  теолог маман жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта аудандардағы имамдар үшін екі айлық семинар ұйымдастырылып жатса, скайп бағдарламасы арқылы діни дәрістер өткізу де қолға алынған. Сондай-ақ, өңірлік діни сайт та қайта жаңартылып жасақталуда. 

Кездесу барысында осы жайларды мәлімдеген бас имам дін дәстүрлерімен өрілген теңдессіз ділімізді, ұлттық болмысымызды, салт-сана, әдет-ғұрпымызды қадірлеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа аманаттау парыз екендігін атап айтты.

Алтыншаш

НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*