Дін мен дәстүр сабақтас

Рухани кеш

Ата-бабамыздан мирас болып қалған дәстүрлі отбасының ерекшелігі неде еді? Отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарымызды қаншалықты насихаттап жүрміз? Орталық «Иманғали» мешітінде өткен рухани кеш осындай сауалдарға жауап іздеді.

00%d0%b0%d0%b6%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d1%80-1

«Отбасында сәби дүниеге келсе, оған лайықты ат таңдап, есіміне сай азамат етіп тәрбиелеу – парыз. Сондықтан да, ата-бабаларымыз жаңа туылған нәрестеге азан шақырып ат қойған. Бұл дәстүрдің маңызы сол, азанның дауысы арқылы сәбидің жүрегіне имандылық дариды. Және қазақтың дәстүрінде де, шариғатта да сәби үшін құрбан шалу деген маңызды фактор бар. Ұл балаға екі қошқар, қыз балаға бір қошқар малы шалынған. Құрбандық шалудың астарында – сәбиді пәле-жаладан қорғау, сақтау ниеті жатыр» деп атап өтті кеш барысында облыстың бас имамы Батыржан Мансұров.

00%d0%b0%d1%82%d0%ba%d0%be%d0%b9%d1%83-2

Бұдан соң, мешіт жамағаттары үшін жаңа туған сәбиге азан шақырып есім беру, бесікке салу, тұсау кесу рәсімдері көрсетілді. Құрсақ шашу дәстүрі де өте әсерлі шықты. Дін мен дәстүрдің сабақтастығы туралы тереңнен ой өрбіткен қажы аналар жаңа отау құрған жастарға өсиет айтудың, бір-біріне деген сенімділік мәселелерінің де маңызына тоқталды.

00%d0%b1%d0%b5%d1%81%d0%b8%d0%ba%d0%ba%d0%b5-4

Рухани кешпен тұспа-тұс келген жаңалықтың бірі – атыраулық екі жас Жәнібек Қадыржанұлы мен Меруерт Берсінқалиқызының неке қию рәсімі болды. Шариғат жолымен жастардың некесін қиған облыстың бас имамы Батыржан Мансұров адалдық пен жарасымдылыққа құрылған отбасының баянды болатынын айтты.

00%d0%bd%d0%b0%d1%87%d0%b0%d0%bb%d0%be-6

Дін мен дәстүр сабақтас. Сондықтан, исламды қазақтың дәстүрінен бөлек қарастыруға болмайды. Рухани кештің түйіні осы болды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА. 

2 комментария

  1. Қазақ қызы

    Қазіргі адасып жүрген жастарымыз, мешітке барып діни сауатын ашып, осындай шараларға қатысып тұрса жалған діннен арылар еді. Ата-бабамыздан келе жатырған салт-дәстүрімізді сыйлап, оны құрметтер еді. Әрине, пессимист болғым келмейді барлық жастар бірдей емес, дегенмен осындай игі шаралар дін мен дәстүр туралы қате пікірде жүрген жастарымызға үлкен сабақ болары сөзсіз!!!

  2. Айдана Турниянова

    kazaktin salt dasturleri tamawago

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*