ДЕВАЛЬВАЦИЯ НӘТИЖЕСІНДЕ ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР ӨНІМДЕРІНІҢ ӨСУІ КҮТІЛУДЕ

Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев осылай деп мәлімдеді.

«Экспорттан түсетін теңгемен есептегендегі пайданың 8,8 пайыздық тармаққа ұлғаюы Жалпы ішкі өнімнің номиналды өсуіне ықпал ететін болады. Сонымен бірге, импорттың қымбаттауы есебінен  Жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 2,3 пайыздық тармаққа төмендейді.

Жалпы теңгенің девальвациясы жүргізіліп отырған индустрияландыру саясатын ескере отырып, қазақстандық өндірушілер мен экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етуі тиіс. Девальвация нәтижесінде отандық тауар өндірушілер өнімдерінің өсуі және неғұрлым қымбат импорттық тауарлардың азаюы күтілуде», – деді ол.

«Бұл Қазақстанның сауда теңгерімін ұстап тұрады және еліміздің сыртқы саудадағы позициясын жақсартады», – деп атап өтті министр.

Айта кетейік, 2013 жылы экспорт 4,0% қысқарып, 83,4 млрд. АҚШ долларын құраған. Ал, импорт 1,0% өсіп, 49,6 млрд. АҚШ долларын құраған. Нәтижесінде сауда теңгерімінің сальдосы 33,8 млрд. АҚШ долларын құрай отырып, (2012 жылы – 37,9 млрд. АҚШ долл.) 10,6%-ға азайды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*