ДЕПУТАТТЫҢ ӘСЕРЛІ ӘҢГІМЕСІ

 Өз сөзінде мәжілісмен Жалғас Мәтешұлы стратегиялық құжаттың мәні мен маңызына тоқталып, Жолдаудың әр бағыты бойынша түсінік берді. 

–Мемлекет басшысы Қазақстанды Мәңгілік Ел етуге батыл қадам жасап, бұл жолда нақты атқарылатын жұмыстарды жіліктеп берді. Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру – әр азаматтың міндеті. Оны орындауда біздің елде барлық мүмкіндік бар. Ендігі уақытта 2050 жылға арналған жоспарды жүзеге асыруда бір кісідей жұмылып, белсенді түрде іске кірісу қажет, – деген Ж.Дүйсенғалиев мұның барлығы ел болашағы – жастар үшін маңызды екеніне тоқталды. Депутат жастардың мәселелерін де назардан тыс қалдырмай, бүгінде орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар діни сауатсыздық салдарынан екенін баса айтты. 

Елбасы Жолдауының кемел болашаққа бағытталған маңызды бағытының бірі – сапалы білім беру жүйесі. Ұлттық білім беру жүйесін дамытуда алда ауқымды істер тұр. Бұл бағыттағы тапсырмаларды мектеп ұстаздары ортаға салып, білім заңдылықтарындағы жаңалықтарды асыға күтетіндерін айтты. Стратегиялық құжатты талқылауға оқушылар да үн қосып, пікірлерін білдірді. 

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*