Департаментке – жаңа басшы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің  төрағасы болып Тоқтамыс Жұмағұлов тағайындалды.

zhumagulov-toktamys

Тоқтамыс Қадошұлы 1965 жылы туған. Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданының тумасы. Өскемен педагогикалық институтын, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін және Көкшетау экономика және менеджмент институтын мұғалім, заңгер, экономика бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушылықтан бастап, доцент және кафедра меңгерушісі болған. 2000 жылдан бастап  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының басшысы, басшының орынбасары, басқарма басшысы – агенттіктің Тәртіптік кеңесінің төрағасы болып қызмет жасаған. 2007 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола, одан соң Шығыс Қазақстан облыстары бойынша басқармаларының басшысы– агенттіктің Тәртіптік кеңестерінің төрағасы.  2013 жылдың наурызынан шілдесіне дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің меңгерушісі, одан кейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болған.

Тоқтамыс Жұмағұлов Мәскеу (Ресей), Будапешт (Венгрия), Лондон (Англия) қалаларында біліктілік арттыру курстарынан өткен.  Заң ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» орденінің иегері.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*