Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой Атырауда болды (+ФОТО)

Басты жаңалық ЖАНДАУА Медицина

Atr. kz / 15 – ақпан. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой Атырауға жұмыс сапарымен келіп кетті.

Вице – министрге «112» кезекші диспетчерлік қызметінің пилоттық жобасы таныстырылды. «Жоба аясында «101», «102», «103», «104» қызметтері біріктірілді. Енді  «112»  деп аталатын жоба төтенше жағдайда жедел әрекет ету процесін жеңілдетіп отыр.  Яғни, бірыңғай диспетчерлік қызметтің дауыссыз қоңырауды басқару, шақыртуды беру уақытын үш секундқа дейін азайту, электронды шақырту картасын енгізу секілді артықшылықтары бар» дейді мамандар.           

Тағы бір жаңалық – Атырауда жаңа заманауи психикалық денсаулық сақтау орталығының құрылысы басталады.     Қазіргі таңда Атырау облысының психиатриялық және препараттармен емдеу қызметтері біріктірілді. №1, 2, 3, 4, 7 Атырау қалалық емxаналарында бастапқы псиxикалық орталықтардың жұмысы  ұйымдастырылды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *