«ДЕНСАУЛЫҚ» КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

 

 Кабинет балаларға медициналық-психологиялық бағытта қолдау көрсету мақсатында ашылған. «Жарқын болашақ» жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Алуа Сыралиеваның айтуынша, кабинетке әзірге салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты бейнеролик, ақпарат бетшелері, кітаптар әкелінген. Сурет салу құралдары да бар. Жыл бойына жұмсақ жиһаздар, теледидар әкелінбек. Екіжақты келісілген жоспар бойынша кабинетте аптасына бір рет салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған дәріс сабақтарын, әңгімелесуді, ойын сабақтарын орталық мамандары келіп өткізіп тұрады. Былайғы күндері кабинет ашық тұрады. Онда балалардың өздері емін-еркін кіріп, сурет салуына, қолөнер жасауына болады. Түрлі аурудың алдын алу үшін бейнероликтерді де көре алады.

 Н.СӘКЕНҚЫЗЫ.

Атырау қаласы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*