ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНІҢ БІР БЕКЕТІ

 

– Алыптардың өмір сүру кезеңі бойынша арадағы уақыт пен аймақтардың алшақтығын ескеріп, бірқатар жалпы мәселелерден бастайын. Абай өз заманында Шығыс Қазақстанда, ал Махамбет Қазақстанның батысында ғұмыр кешті. Ақпарат алмасудың жоқтығынан олар бір-бірімен таныс болмағанына қарамастан, шамамен алғанда бірдей уақытта өмір сүріп, ұлтымыздың ары мен намысы, абыройы мен даналығы бола отырып, өз туындыларын сол кезеңде дүниеге әкелді.
Сосын Әуезов-Қабдолов байланысын алсақ, олар – өзара ұстаз бен шәкірт. Олар үшін «Алашорданың» мақсат-мұраттары, еркіндік пен тәуелсіздіктің, ру-тайпалардың және үш жүздің ерекшеліктеріне бөлінбейтін ұлт бірлігіне бағытталған мақсат-мұраттар қымбат болды. Олардың жүрек тебірентерлік достығы мен осы ой-толғамдарының бір арнада тоғысуы біздер үшін жемісті түрде жалғастырылуы және әрі қарай дамытылуы тиіс өсиет ретінде қалды. Бұл екі ұлы адамның рухани мұрасын оқып-үйрену және тереңдеп зерттеуге біз пайымды адамдарды тартуымыз қажет. Айқын саналы түрде келе отырып, кешегі тоталитарлық тәртіптен қалған күл-қоқыстан арылтып, біздің ортақ отауымыз болатын қандай да бір киелі шаңырақ орнатуымыз керек.
… Атырау, бұл – Қазақстанның таңғажайып батысы, таң қаларлық әлем. Мен Бекет Қарашинмен жеке таныс екеніме өте қуаныштымын. Біздің бәріміз, соның ішінде менің өзім оның жасаған Махамбеттің аудармаларын өз мезгілінде оқығанымды өмірде кәдімгідей жолым болғаны деп санаймын. Әрине, Герольд Бельгер әбден дұрыс айтқан, Бекет Махамбеттің тек тілдік ерекшелік құрылысын сақтаумен қатар, оның рухын да тұтасымен жеткізе білген, ал, бұл болса – аударманың ең басты шарты болып табылады. Яғни, аудармашыда шығармашылық ынтымақтастыққа деген қуатты ұмтылыс болды, ол Махамбетті осы шығармашылық ынтымақтастықтың қалауымен, тіпті бәсекелестікпен аударды, ал бұлай икемделу Махамбет тектес адамның ғана қолынан келеді деп айтар едім. Бекетте бұл бар, ол дәл осы қасиеті арқылы ерекшеленеді.
Мен өзім де бұған бірнеше рет көз жеткізуге мүмкіндік алдым. Біз Бекетпен бірге «Каспий, мұнай және мәдениет» атты көрнекті және үлкен экспедицияның құрамында болып, Қазақстанның батыс өлкесін қамти араладық: Орал, Атырау, Маңғыстау, Астрахан. Бұл бір тамаша саяхат болды. Астрахан облысының губернаторы марқұм Гужвин еске түседі, бізді сапарға жетелеген себептерге, біздің барлық ойластыруларымыз бен ой-пікірлерімізге толық түсіністікпен қарады. Біз Каспий маңы аймағындағы елдердің қоғамдық-әлеуметтік ойшылдары мен зияткерлерінің форумын өткізу туралы тамаша идеяға келістік. Ол «Құрлық – бөледі, ал теңіз біріктіреді» деген тұжырымды ынтамен қызыға қабыл алды. Бекет экспедицияның барлық жұмыстарына ең жоғарғы зерделілік, парасаттылық деңгейінде қатысып отырды, өткізілген барлық шараларға да сондай бір үлкен және ұнамды адамдық ықыласпен араласты.
Содан кейін біз бірнеше жылдан соң Иранға сапар шектік. Тегеранда және Иранның солтүстігінде, біз тамаша форумдар өткіздік, Каспий маңының түрікмендерден басқа барлық елдері қатынасты, ол елден де интеллигенциясы жолға шыққан болатын, алайда белгісіз себептермен оларды шекарада ұстап қалған. Тегеранда Бекет Қарашиннің айрықша табысты сөз сөйлеулері, соның ішінде Мазандаран Мемлекеттік университетінде Каспий маңы мемлекеттерінің ортақ мәселелері туралы жасаған баяндамасының жұртшылыққа ерекше әсер қалдырғаны менің есімде. Ол – талантының басқа барлық қырларына қоса, тамаша эколог. Бұл сөздің ең ұнамды мағынасындағы романтик болмайынша және табиғат феноменін сүйетін, өлкесіне ғашық адам болмаса, одан жақсы эколог шықпайды. Бекет бұл қасиеттердің толықтай иесі болып табылады.
Бекет – жауынгер сарбаз, ол сөйлеуге іштей дайындықпен жинақталып шықты, жалаң сезімге берілуі тым төмен мөлшерде болды, алайда сонысымен өте мәнерлі және қуатты сөздер арқылы мығым дәлелдер мен дәйектер келтіре сөйледі. Оның сөзі Каспий теңізінің аймағының кескіндік үйлесімі, көне айдынның болашақтағы тағдыры, мекендейтін бекіре тұқымдас балықтардың қорғалуы туралы, теңіз жағалауындағы мемлекеттердің арасында өзара жауластықтың қаншама әлеуеті қордаланып қалғаны, бұл елдердің мәдениеттерінде соншама көп ортақтастықтар бар болғандықтан алдағы уақытта бұл қайшылықтарды қалайда жеңіп, олардан арылу қажет екендігі жөнінде болды…
– Қазір Бекет өзінің шығармашылық шабыты үстінде, ол бүгінде өзіндік ой-пікірі бар зерттеуші, тілтанушы, ақын, жазушы ретінде қалыптасты, ал Сіз оны осыларға қоса эколог мәртебесінде атап көрсеттіңіз. Осындай әмбебаптық қасиет оның шығармашылығынан да орын алған. Осыған байланысты 60 жылдық мерейтойы қарсаңында Бекеттің атына Сіздің айтар тілегіңіз бен білдірер лебізіңізді тыңдағым келген еді…
– Мен 70 жастамын, соған қарамастан менің өзіме де қандай да бір қорытынды пайымдаулар шығаруға әлі ерте деп есептеймін. Бекет – өзінің жаратылысы бойынша сондай… аса мықты дене жаратылысы бар және өте рухани табанды адам. Оның алдында әлі де алатын талай асулары күтіп тұр, оған қоса Бекеттің рухы өте берік, Махамбетпен тектен-тек айналысқан жоқ. Ал, Махамбеттің өзі де қарапайым жай тұлға емес, өзімен байсалды айналысқан адамға ол да өз жан дүниесінің және ұлы рухының қайталанбас ерекшеліктерін дарытады. Бекетке бұл толық көлемінде тән.
Алайда, бір нәрсе бар… Махамбет те өмірінің белгілі бір жылдарында Исатайды, серіктестерін жоғалтып, өзінің мүлде жалғыздығын құсалықпен қапысыз сезінген, «жалғыздықпен дос болған», Абай да сондай бір кезеңдерде өзінің әбден жалғыздығын түңіле сезінген. Бұл туралы оның шарасыздан «жартасқа барып күнде айғай салғанда», олардың да жаңғырықпен ғана жауап бергендігі туралы күйінішті өлең жолдарынан да көреміз.
Мен Бекетке және бәрімізге де ХХ ғасыр жүктеген және ХХІ ғасыр артып отырған тым күрделі мәселелердің алдында жападан жалғыз қалмауды тілек етер едім. Соның ішінде өміршең табиғаттың және дана тарихтың күш салуымен жаратылған мұндай адамдар туралы айтуға келгенде тіптен осылай бағамдаймын. Біз бір-бірімізді аялап сақтауға, көңіл бөлу арқылы сыйлауға, олардың қоршаған орта және қоғам, мәдениет пен адамдар үшін қажет екендігін сезіну арқылы ардақтауға тиіспіз.

Сұхбатты жүргізген Мәлік ИСАБЕКОВ.
Алматы қаласы. Басы өткен санда

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*