ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП…

Күй мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруда ұжымдық орындаушылар, оркестр, ансамбльдердің өзіндік орны бар. Осы мақсатта өткен жылы Исатай ауданының Новобогат балалар саз мектебі мұғалімдерінен құрылған Жанпейіс Мұхиденов жетекшілік ететін «Көңіл күйі» фольклорлық ансамблінің рөлі зор.

Шығармашылық ұжым аудан көлемі ғана емес, облыс өңіріндегі айтулы шаралар, атаулы күндерге арнайы қатынасушы ретінде шақырылып, әрдайым көрермен көңілінен шығып келеді. Ал, белгілі күй орындаушы, ҚР Халық әртісі Бақыт Қарабалинаның туғанына 75 жыл толуына орайластырылған облыстық байқауға қатысып, тоғыз ансамбль арасынан жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлағаны да – ұжым мерейі, ұйымдасқан еңбектің жемісі.  Осы сайыста Д.Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері, Құрмет орденінің иегері О.Жауыров ансамбльдің кәсіби деңгейі, репертуар таңдауы, орындаушылық шеберлігі жоғары екендігіне тоқталып өткен-ді.

Ұжым репертуарындағы жергілікті композитор Ш.Шәріповтің «Жас екпін» күйі, Қазанғаптың «Бұраңбел Ақжелеңі», Р.Айдарбаеваның өңдеуіндегі «Адайдың ілмесі», орыстың халық әні «Светит месяц», Шабельский–Шаргородскийдің «Той бастары» мен Нэля Жақсымбетова және Асылжан Хамитовтың қазақ-шетел композиторларының классикалық шығармаларынан күй тартыстары ұдайы ыстық ықыласқа бөленіп келеді.

Жеңісгүл ӘЛІПОВА,

Новобогат балалар саз мектебінің мұғалімі.

Исатай ауданы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*