Телевизиялық «Дарын» зияткерлік білім додасының алғашқы іріктеу сайысы өтті

Атырау «Білім-Инновация» лицейінде «Дарын» зияткерлік телевизиялық білім сайысының іріктеу кезеңі өтті.

DSC_0257

Доданың басты мақсаты – жан-жақты әрі білімге құштар, логикасы мен интуициясы дамыған оқушыларды көпшілікке таныстыру.

Іріктеуге  облысымызға қарасты қала және аудан мектептерінен оқу үлгерімі жақсы деген барлығы 400 оқушы өтініштерін білдірген болатын. Білім ордасына қала және Махамбет, Исатай, Мақат аудандарының оқушылары келіп, білімдерін сынады. Ал Құрманғазы, Жылыой, Индер және Қызылқоға аудандарына ұйымдастырушылар тарапынан лицей мұғалімдері барып, өткізді. Іріктеуден өткен 32 оқушы облыстық «Atyraý» телеарнасының түсірілімімен өтетін “Дарын” зияткерлік білім додасына жолдама алды.

DSC_0299

Алғашқы іріктеу сайысының мақсаты «Atyraý» телеарнасының эфирінде түсірілімі наурыз айында басталатын телевизиялық «Дарын» зияткерлік білім додасына қатысатын 32 оқушыны іріктеп алу. Іріктеу сайысының нәтижелері шара аяқталған соң үш күн ішінде www.daryn.atyraubilim.kz cайты мен басқа да әлеуметтік желілерде жарияланады.

DSC_0369

Финалдық ойын жеңімпазына Алматы қаласында орналасқан «Сүлеймен Демирел» университетінің оқу гранты табысталады. Ал қалған екінші, үшінші және төртінші орын жеңімпаздары жергілікті жоғары оқу орындарының оқу грантына ие болады.

DSC_0319

Бұл жоба республикалық телеарналарда бірнеше жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан «XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысының нұсқасы ретінде ұйымдастырылмақ.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*