ДАРХАНДЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН КЕЗЕҢ

Мереке бір елдің ғана емес, әлем халықтарының ынтымағы күні. Осындайда «төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген мақалдың текке айтылмағанын көреміз…

– Қазақстан халқы Ассамблеясы бұқарамен жұмысын одан әрі тереңдете түсуі тиіс. Мәселен, Елордада аталмыш институттың жұмысы қалай жүргізілсе, сол деңгей, сол қалып облыстарға, аудандарға, ауылдарға өзгеріссіз жетуі қажет. Және де еліміздегі барлық диаспоралар қазақ тілінің маңайына топтаса түсуі тиіс деп ойлаймын. Биылғы Ассамблея жылы аясында аталмыш институттың «Мың бала» жобасын қолға алғанынан хабардармын. Түсінуімше, бір жыл бойына қазақ тілінде сөйлеп, жазып, осы тілде мультфильм, кино көрген өзге ұлт баласы қазақтың тілін белгілі бір деңгейде меңгеріп шығады екен. Бұл – керемет нәрсе. Осындай жобалар әлі де жалғасуы тиіс.

Өткен аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өткені белгілі. Сол жиында аталмыш құрылымға арнайы міндеттер жүктеп, көптеген тапсырмалар берген Елбасы бірінші наурызды қазақ халқына алғыс айту күні ретінде жариялауды ұсынды. Меніңше, бұл – тамаша бастама. Өйткені, сонау қиын-қыстау заманда жаппай қудалауға ұшыраған өзге ұлт өкілдеріне қонақжайлылық танытып, соңғы азығына дейін бөліп берген қазақ халқының кеңдігін, даналығын, дархандығын дәріптейтін сәт те, кезең де туды.

Ұзаққали ЕЛЕУБАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің ІІ-ІІІ-ІV шақырылымдарының депутаты, қоғам қайраткері

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*