ДӘРІСТЕРДЕ – ЭТНИКА ТАҚЫРЫБЫ

Бұл туралы Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының екінші отырысында аталмыш оқу орнындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков мәлімдеді. «Бізде қазірдің өзінде оқу жоспарының немесе арнайы курстың бірнеше нұсқалары бар. Ал, атауын әлі кәсіби түрде өзгертетін боламыз. Сондай-ақ, бізде ұзақ уақыт бойы жоғары оқу орны  жүйесінде қызмет еткен мамандар да бар. Сондықтан, биылғы 1 қыркүйектен бастап, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары бар барлық жоғары оқу орындарында бірінші курстардың бағдарламасына аталған дәрістердің енгізілгенін қалаймыз», – дейді ол.

Аталмыш басқосуда, сондай-ақ, Ассамблея кафедраларын қажетті кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық жағдайды жақсарту сынды маңызды мәселелер талқыланып, аймақтардан қатысқан ғалымдар өзара пікір алмасып, жұмысты одан әрі жетілдіру жайын да талқылады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*