ДӘРІ ҚЫМБАТТАУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

 

Өткен наурыз айында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және фармацевтика саласындағы қауымдастықтар арасындағы дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың бағасын бақылауда ұстап тұру мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Осы мақсатта облыстық әкімдік, департамент және 166 фармацевтикалық субъектілер арасында өзара келісім жүргізіліп, халық көп тұтынатын, әрі сұраныстағы дәрі-дәрмектердің бағасын ұстап тұруы үшін меморандумға қол қойылды. Онда халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобы жиі қолданатын дәрі-дәрмектің 200 түрінің  бағасын қол қойған күннен бастап, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұстап тұруды қамтамасыз ету қажет. 200 атаудың ішінде отандық өндірушілердің шығарған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдары бар. Осы дәрі-дәрмектер бағасының тізімі әрбір дәріханалар мен емдеу орындарында ілініп тұруы керек.

Естеріңізде болса, біз 90 жылдары бүгінгіден де қиын кезеңді бастан өткерген едік. Ал, қазіргідей дағдарысты кезеңнен жол тауып шығарымыз анық. Бұл ретте облыс әкімінің 20 тамыздағы өкімі негізінде облыстық әкімиат жанынан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын жоғарлатпауды қадағалау үшін жұмысшы топ құрылып, департамент мамандармен бірлесіп күн сайын мониторинг жүргізіліп отыр. 

Егер де қандай да бір дәріхана бағаны негізсіз көтерген (меморандум бойынша белгіленген 200 дәрі-дәрмек бағасы) болса, 27-19-69  телефон номеріне хабарласып, ескертуге болады.

Сара ОРАЗОВА, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша басшысының орынбасары.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*