Дариға Назарбаева «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тыныс-тіршілігімен танысты

Жастар конгресінің 15 жылдық мерейтойына орай Атырауға іссапармен келген Дариға Назарбаева «Батыс» өңірлік қолбасшылығында болып, жауынгерлер мен әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігімен танысты.

IMG_5450

Аталған әскери құрылым Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының құрлықтық әскери бөлімдеріне басшылық етеді.

ҚР Парламенті Сенатында әскери блокқа жетекшілік ететін Дариға Назарбаева «Батыс» штабына алғаш рет келіп отыр. Алдымен, ол осындағы қорғаныс пен қауіпсіздік саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, штаб мұражайына көзайым болды. Кейін жауынгерлік көліктер паркіне барып, әскери техника мен қару-жарақтардың небір түрлерін тамашалады.

IMG_5451

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Рүстем Игісіновтің айтуынша, биыл – жауынгерлік даярлық жылы. Осы ретте, әскери штаб барлық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда тұр. Бұл нәтижеге жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы және жоғары сапалы қызметтің арқасында қол жеткізіліп отыр. Мұндағы мамандар мен жауынгерлер оқу-жаттығуларға үздік нәтиже көрсетіп жүр.

IMG_5452

Спорттық жетістіктер де жетерлік.
«Биыл әскери техниканың 90 пайызы жаңартылды. Олардың барлығы өзіміздің отандық, яғни, қазақстандық әскери зауыттарда күрделі жөндеуден өткен. Жаңа техниканың қатарында «Кобра» мен «Арлан» автоброньды көліктерін ерекше айтып кетуге болады. Ал, шынжыр табанды әскери техниканың 70 пайызы қайта жөнделген. Міне, бүгінде, үздіксіз жауынгерлік дайындық пен берілген қару-жарақты ұқыпты ұстау арқылы жоғары көрсеткіштерге ие болып отырмыз»,-дейді Рүстем Серікұлы.

IMG_5449

Айта кетейік, Атырау өңірінде орналасқан әскери қолбасшылықта негізінен Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы қаласы мен облысынан келген сарбаздар борышын өтеуде.

Амандық Сағынтайұлы

Суреттерді түсірген: Максим Стадниченко

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*