«ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ КӨМЕГІ

Аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығының негізгі мақсаты – шағын және орта бизнесті ақпараттық-консультациялық қолдау,  бірыңғай бизнес инфрақұрылымын құру, бизнес жобаларға оқып-үйрету және оларды одан әрі сүйемелдеу, кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін бизнес ісін оқыту. Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров жергілікті тұрғындарға енді өз кәсібін ашуға қолдау жасалатынын айтты. Орталық халыққа қызмет көрсету орталығының ішінде орналасқан.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалының директоры Әлия Өтепқалиева орталықтың кеңесшілері мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша несиенің пайызын субсидиялау, кепілзатпен қамтамасыз етілмеген несиені кепілдендіру, бизнес-жоспар жасақтау, «Бизнес-Кеңесші», «Іскерлік байланыстар», «Жас кәсіпкер мектебі» сияқты оқыту жобалары бойынша кеңестер беріп, қызмет көрсететінін айтты.

Аталған орталықтың ашылуы – Елбасымыздың кәсіпкерлікті сапалы дамытуға қолдау көрсетіліп отырғанының тағы бір дәлелі. Себебі, күшті бизнес – бұл күшті мемлекет. Бұл орталықтың ашылуы өз кәсібін жаңа бастап отырған кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен қатар, жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлерге де қолдау көрсете отыра, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жоғары деңгейде дамуына мүмкіндік береді.

Руфина ТЕМІРҒАЛИЕВА,

Құрманғазы ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*