«ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ КЕҢЕСІ

 

– Үлес және пай дегеніміз не?

– Шаруашылық серіктестікте үлес – құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға қосқан салымы. Өндірістік кооперативтің меншігіндегі мүлік оның мүшелерiнiң пайларына, олардың жарналарына парапар бөлiнедi.

– Тауар мен қызметке баға белгілеу үшін не істеу қажет?

Біріншіден, бағаны талдау келесі сұрақтарға жауаптар алуды қамтиды:тұтынушының сипаттамасы мен баға өзгеру үрдісі ескерілді ме,олар бәсекелестік күреске қатысуға мүмкіндік береді ме,өнімнің аталған түрінің бағасына бәсекелестердің көзқарасы есепке алынды ма,өнім имиджіне баға сәйкесті ме,жеңілдіктер нормасы дұрыс анықталған ба?

Екіншіден, мақсатты айқындау және бағаны қалыптастыру бағыттары. Бағаны қалыптастыру мақсаты – табыс, үстеме пайда, бағаны ұстау, бәсекелестікке қарсы тұру. Бағаны қалыптастыру бағыты – баға деңгейі, оны реттеу, жеңілдік жүйесі бойынша.

Үшіншіден, баға туралы соңғы шешім қабылдау, прайс-парағын құрастыру.

– Салық органдарына салық есептілігін қандай түрде тапсыруға болады?

– Салық органдарына салық есептілігін салық төлеушілер таңдауы бойынша тапсыруға құқылы: қағаз жеткізгіштер арқылы; пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен; электронды түрде.

– Мәміле дегеніміз не?

– Мәміле – бұл жеке және заңды тұлғалардың сату-сатып алу, сыйлау, сенімхат, өсиет және т.б. қарым-қатынастарға түсуі. Мәміле екіжақты және біржақты болады. Мәміле бойынша талаптардың қарым-қатынасы, құқықтары және міндеттері әдетте шартпен бекітіледі.

– Тұтыну кооперативін мемлекеттік тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

– 1. Тіркеу туралы өтініш – 1 дана (өтініш үлгісін халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады);

2. Жарғы – мемлекеттік және орыс тілдерінде, 3 дана;

3. Тұрғылықты жерін растайтын құжат;

4. Кооператив мүшелерінің тізімі азаматтар үшін аты-жөндерімен, әкесінің атымен, туған жылымен және тұрғылықты жерімен, ал заңды тұлға үшін тұрғылықты жері, банктік реквизиттері  және мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер.

– Егер өткен жыл үшін қосымша салықтық есептілікті тапсырса және ол бойынша салықтарды төлесе айыппұл салынады ма?

– Егер сіз өткен жыл үшін қосымша салық есептілігін тапсырсаңыз және ол бойынша салықтарды төлесеңіз айыппұл салынбайды.

– Жария шарты дегеніміз не?

– Жария шарты – коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария-шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету және т.б.).

Өткен жылдардың салық есептіліктерін өзімізде қанша жыл сақтауымыз керек?

– Салық есептілігі 5 жыл сақталуы керек.

– Егер мен патент негізінде жеке кәсіпкер болсам, жыл бойына салық есептілігін тапсыру керек пе?

– Салық есептілігін тапсыру керек емес.

– Заңнамалық бастама дегеніміз не?

– Заңнамалық бастама – органның заң жобасын қарау және ол бойынша шешім шығару міндеттерін жүктейтін Парламентке заң жобаларын енгізу құқығы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*