Дамбылықтар Абайды сағыныпты

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы – мәңгілік ел мұрасын жүзеге асырудың түп негізін айқындап берген тұжырымдамалық бағдарлама. Осы айқындаманы басшылыққа алған Дамбы ауылдық кітапханасы мен ауылдық клубы бірлесіп, Ұлы Абай шығармашылығына арналған «Өлең – сөздің патшасы» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

DSC_0531

Кешке ауыл ардагерлері, мекеме қызметкерлері, застава жауынгерлері мен ауыл жастары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Кештің шымылдығы ақынның дүниеге келуін слайд арқылы көрсетуден басталып, бала Абайдың білім алған, поэзияға бет бұрған шағына жалғасты. Ал, жігіт Абайдың жас жүрегі іңкәр болған аруы – Тоғжанмен кездесуін Дарын Жұмашов пен Ұлпан Қамаева өте әсерлі сомдай білді.

Ақын Абайдың Пушкиннен аударған «Татьяна мен Онегиннің хатын» ауыл жастары Өтеген Аян мен Гүлмира Тасболатова шынайы көрсете білсе, халық театрының режиссеры Ерлан Қамзаев Абай бейнесіне ене отырып, оның өлеңдерін жан-тәнімен беріле оқыды. Мұны жылы қабылдаған ауыл көрермендерінің жанарларына жас үйірілді. Тағылымы мол шара көп көңілінен шығып, ауыл тұрғындары дән риза болды.

 Өтеген МҮТИЕВ,

Дамбы ауылының тұрғыны.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*