ДАҒДАРЫСҚА ДАЙЫН БОЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Бұл ретте Елбасы шағын және орта бизнесті, сондай-ақ ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге Ұлттық қордан қосымша 100 миллиард теңге қаржы бөлуді, сондай-ақ банк секторын сауықтыру және проблемалы несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Үстіміздегі жылғы он айда облыстың банк филиалдарымен 255,3 млрд. теңге несие берілді. Ал, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелер бойынша берешектері 33,7 млрд. теңгеге жетті. Облыстың шаруа қожалықтарының несиелік берешектері өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көбейді.

Сонымен қатар, Елбасы өз Жолдауында бүгінгі күні өте маңызды болып отырған тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша міндет қойды. Ол жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қайта қарауды ұсынып, 2015-2016 жылдар ішінде қосымша қаржыландыруды тапсырды. Осы және басқа да жобаларды жүзеге асыру мақсатында Елбасы Үкіметке Ұлттық қордан қаржы бөлу үшін тиісті шешім дайындауды және 2015 жылға арналған республикалық бюджет жобасында қажетті қаржы бөлігін ескеруді тапсырды.

Елбасының бұл жолғы Жолдауының бір ерекшелігі, бүкіл әлемде туындап отырған қаржы-экономикалық проблемаларға қарамастан әлеуметтік мәселелерді шешуге, халық тұрмысын жақсарту қажеттігіне көп көңіл бөлінген. Бұл ел тұрақтылығының негізі болып табылады. Бұған дейін де Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жолында Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп жұмыс жасады. Осы бағытта еліміздің қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы да қабылданған болатын. Бұл, тұтастай алғанда, ел экономикасының бұдан әрі дамуының қозғаушы күштерінің бірі болып қала бермек.

Қозыбақ Құлбарақов,

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Атырау филиалының директоры.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*