Ірі қара тұқымы түрленеді

Агрокешен Ел жаңалықтары

Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, биыл Қазақстаннан шетелге 30 мың тонна сиыр етін экспортқа шығару көзделіп отыр. 

Фото – ves-rf.ru

Оның айтуынша, өткен жылы шетел нарығына 19 мың тонна сиыр еті  экспортталыпты. Бұл биыл да жалғасын тапқалы отыр. Осыған орай етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында мүйізді ірі қараға тұқымдық  түрлендіру жүргізілмек. «Биыл тұқымдық түрлендіруге 1,2 миллион бас ірі қара қойылады. Бордақылау алаңдарына 353,6 мың бас бұқашық жеткізілуі қажет. Ал,  100 мың бас ірі қара мен 415 мың бас ұсақ малды сатып алу керек. Бұл үшін қажетті кредиттік ресурстар қарастырылады» – дейді Өмірзақ Шөкеев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *