Студенттердің көбі – қыздар

Қазір Қазақстандағы 128 жоғары оқу орнында білім алатын 542 458 студенттің жартысынан астамын (53,9%) қыздар құрайды.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, студенттердің арасында 292 231 бұрымды сұлу бар. Өткен жылдарға қарағанда, олардың  қатары 9,3%-ға  көбейіп отыр. Студенттердің 73,6%-ы – күндізгі, 19%-ы – сырттай, ал, 7,4%-ы кешкі бөлімдерде білім алып жүр. Жоғары оқу орындарында  162 877 студент мемлекеттік грант негізінде оқиды. Бұл студенттердің 30%-ын құраса, 379, 581-і ақылы бөлімнің студенті атаныпты. Студенттердің  64,5%-ы мемлекеттік тілде, 31%-ы орыс тілінде, сондай-ақ, 4,5%-ы ағылшын тілінде білім алуды қалапты.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*