Кондуктор чек бермесе, жол ақысын төлемеуге құқылысыз!

Қоғам Әлеумет әлеуеті

  Атырау қаласында көлік паркінің басшылығы тұрғындарға қандай жағдайда жолақысын төлемеуге құқылы екенін айтты.

«Күн сайын біз қызмет көрсетіп отырған № 2, 4, 7, 8, 12, 14, 30, 30а бағытындағы маршруттардың кассирлері кассалық таспасы бар терминалдармен қамтамасыз етіледі. Сондықтан, кейбір кассирлердің «бүгін чектер берілген жоқ» деген сөздері шындыққа жанаспайды. Компания әкімшілігі жолаушыларға билет беруге тырысамыз, себебі онсыз шығынға ұшыраймыз. Сондықтан, тұрғындардың чек талап етуін сұраймыз. Егер сізге чек берілмесе, жол ақысын төлемеуіңізге болады!», – деді «Атырау көлік паркі» ЖШС-ның директоры Айдарбай Достанұлы.

            Белгілі болғанындай, алдағы уақытта Атырау қаласындағы қоғамдық көліктерді қызмет көрсету сапасын бақылайтын арнайы бақылау-ревизия қызметі қадағалайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *