Жаһанда не жаңалық?

Жаңалықтар Әлем жаңалықтары

Таксистер ереуілі

ИСПАНИЯ. Мадрид және Барселона қалаларында 26 мыңға жуық такси жүргізушілері жаппай ереуілге шықты.

Олар биліктен Убер және Кабифай жүргізушілерінің санын азайтуды талап етіп отыр. Ереуілшілердің айтуынша, ресми такси жүргізушілері салықты көп төлейді, алайда жолаушыларды анағұрлым аз тасымалдайды. Себебі, таксиге онлайн тапсырыс беретіндер көбейген. Ал, онлайн-компаниялардың жүргізушілері төлейтін салық төмен көрінеді. Өткен жұмада басталған ереуіл салдарынан шаһарда мүгедектерді тасымалдау үшін 100 ғана такси жұмысқа шыққан. Билік өкілдері дағдарыстың алдын алу үшін жүргізушілермен келіссөз жүргізбек.

Ажал құштырған апат

ПӘКІСТАН.  Елдің оңтүстік-батысында ірі жол апаты тіркелді. Оқиғадан 26 адам қаза тауып, 14 жолаушы түрлі жарақат алды.

Жүк көлігі Карачи қаласынан шыққан автобуспен соқтығысып, артынша өрт шыққан. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жүк көлігі жанармай тасымалдаған болатын. Қаза тапқандарды көбін күйік шалған екен. Жарақат алған 14 жолаушының  тоғызы Ласбела қаласындағы ауруханада, қалғандары Карачидегі емханада жатыр. Жол апатына қатысты тергеу ісі басталды.

Қар астындағы Лалики

ПОЛЬША. Лалики елді мекені қалың қар астында қалды. Тұрғындар көше жолдарын арнайы техникамен тазартуда.

Кейбіреулері өз баспанасына кіре алмай әлек. Қалың қар үйлердің шатырына дейін жеткен. Мамандардың айтуынша, ақ ұлпаның жаууы тоқтағанмен, күн күрт суытып кетті. Тұрғындар діттеген жеріне арнайы көлікпен ғана жете алады. Жергілікті билік қауіпсіздік мақсатында халықты алыс сапарға шықпауға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *