“Атырау” газетінің журналистері Қорғаныс министрлігінің марапатын иеленді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бастығы Серік Боранбаев жергілікті тілшілермен баспасөз мәслихатын өткізіп, өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстармен таныстырды.

Журналист – Айбөпе Сабырова


Бүгінде ҚР Қарулы Күштері үш түрлі құрылымнан, яғни Құрлықтағы әскер, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштерінен тұрады. Аталмыш саланың тыныс-тіршілігімен таныстырып, олардың қоғам алдындағы беделі мен абыройын арттыратын төртінші билік иелері екені анық.

Журналист – Майра Оразғалиева

Осы орайда Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін кәсіби тұрғыда жариялап, оң имиджін қалыптастырудағы еңбектерін ескеріп, өз істерін мүлтіксіз атқарып, үздік деп танылған жергілікті бір топ журналистерге Қорғаныс министрлігінің Алғыс хаты табысталды.
Қарулы Күштеріміз бен оның бейбіт замандағы қаһармандары туралы жағымды жаңалықтары арқылы жастарды отансүйгіштікке тәбиелеп жүрген әріптестеріміз «Атырау» газетінің құқық қорғау және экология бөлімінің меңгерушісі Айбөпе Сабырова мен тілшісі Майра Оразғалиева, фототілші Ерлан Алтыбаев ҚР Қорғаныс министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанат АҚТАЖИЕВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*