Атырау аялдамалары мен автобустарында айрықша акция өтті (+ФОТОГАЛЕРЕЯ)

Басты жаңалық Ел жаңалықтары ЖАСТАР ЖЫЛЫ Жаңалықтар Рухани жаңғыру Руханият ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Ольга Громованың «Сахарный ребенок» атты кітабын Атырау қаласының тұрғындарына таныстырды.

Бұл үшін олар көпшілік жиналатын аялдамалар мен қоғамдық көліктерді аралады. Мақсат – халық арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау және дамыту. Жобаның негізгі бөлігі 13-15 ақпан күндері өтеді деп күтілуде. Сол күні оқу-тәрбие бағытындағы таңдамалы 16 кітаптңы жалпыхалықтық оқуы болады.

Сондай-ақ, жас зияткерлілер атыраулық тұрғындарға кітапты жүктеп алудың электрондық мекен-жайы көрсетілген ақпараттық қағаздарды үлестірді.

Айта кетейік, «Кітап-фест» жобасы аясындағы «Кітап қаланы аралайды» науқаны жалғасын табады деп сендіреді ұйымдастырушылар.

Аман ШАМАР

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *