Дәулетті елдің сәулетті ғимараты

Халық денсаулығын қорғауға қызмет ететін болады

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аймақ орталығындағы Нұрсая ықшамауданында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы «Әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар» бағдарламасы аясында емдеу мекемесінің құрылысын 2010 жылы бастаған болатын. Аурухананың ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қатысып, ұлттың саулығын жақсартуда өңірімізде жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталып, халық игілігіне беріліп жатқан денсаулық сақтау нысаны соның бірегейі екеніне тоқталды.

10_11_2016_13

Бүгінгі күні аурухана жұқпалы ауруларға тегін медициналық көмектің кепілдік  көлеміне сәйкес жоғары маманданды-рылған қызмет көрсететін облыс бойынша жалғыз емдеу мекемесі болып табылады.

Аурухана 180 орынға есептелген, оның ішінде 150 төсек балаларға арналған. Жыл сайын ауруханадан 5000-5800-дей     науқасқа көмек көрсетіліп, емделуде.

Дәрігерлер ауруханаға келіп түскен науқастардан басқа, аудандардағы, шалғай жерде орналасқан елді мекендердегі науқастарға санитарлық авиациямен емдеу-диагностикалық көмек шараларын көрсетеді.

Мұнда  23 дәрігер, 77 орта медициналық буын қызметкері еңбек  етуде. Дәрігерлер қатарында – бес денсаулық сақтау ісінің үздігі, бір – медицина ғылымдарының кандидаты, үш – жоғары, төртеуі – бірінші санатты дәрігер. Ал, медбикелердің 65  пайызы — жоғары, бірінші және екінші санатты қызметкерлер.

%d2%9b%d0%be%d2%93%d0%b0%d0%bc

Айта кетсек, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының құрамында төрт клиникалық  бөлімше бар. Атап айтсақ, жансақтау, жұқпалы ішек аурулары, жедел респираторлы вирусты инфекция, ересектерге арналған инфекциялық, клиникалық-диагностикалық, бактерио-серологиялық зертхана, гепатокабинет, ультрадыбыстық зерттеу  және басқа да  қосымша қызмет көрсететін бөлімшелер.

Аурухана дәрігерлері Дүние-жүзілік денсаулық сақтау ұйымының Балалық шақтың ауруларын ықпалдастырып емдеу, жедел респираторлы инфекциялар мен ішек ауруларының алдын алу, ана сүтімен қоректендіруді қолдау бағдарламалары бойынша жұмыс істеуде. Науқастар мен бала күтуші аналар арасында қызметкерлер үнемі санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.

Өз тілшіміз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*